Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.11.2021 № 13-87 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру (азайту) туралы";
кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жер салығының мөлшерлемелері арттырылсын (азайтылсын).";
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасында:
"базалық" сөзі алып тасталсын;
"ставкаларының", "жоғарылату", "(төмендету)", "төмендету" сөздері "мөлшерлемелерінің", "арттыру", "(азайту)", "азайту" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Зеренді ауданының әкімі |
М.Мұстафин |
2018 жылғы "16" ақпан
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Шәймерденов |
2018 жылғы "16" ақпан
