Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің 11.09.2017 № 42 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2) тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылдың 02 қарашасындағы № 261 ұсынысы негізінде Қабанбай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қабанбай ауылдық округіндегі Кесік учаскесіндегі "Қайырғазы", "Бауыржан", "Толқын", "Жаңа ғасыр" шаруа қожалықтарына, Үштөбе учаскесіндегі "Айдын" шаруа қожалығына мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К.Жунусбековке шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. "Үржар-Вет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мал дәрігері Ж.Құмғанбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қабанбай ауылдық округінің әкімі | Қ. Нұрымбаев |
Келісілді:
| Қазақстан Республикасы ауыл | |
| шаруашылық Министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Үржар | |
| аудандық аумақтық инспекциясының | |
| мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық | |
| инспекторы | К. Жунусбеков |
"31" қаңтар 2017 ж.
| "Үржар Вет" мемлекеттік коммуналдық | |
| кәсіпорынның мал дәрігері | Ж. Құмғанбаев |
"31" қаңтар 2017 ж.
