"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8 тармағына сәйкес Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 9 қыркүйектегi № 324 "Созақ ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3858 болып тіркелген, 2016 жылғы 08 қазандағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
| Аудан әкімі | С. Полатов |
