Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 11.01.2019 № 14 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Абдуалиев |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 18 тамыздағы 2017 жылғы № 302 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 73 Ө. Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 211 | 1% | 1 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 453 | 1% | 2 |
3. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 825 | 1% | 6 |
4. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 221 | 1% | 1 |
5. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 180 | 1% | 1 |
6. | Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының "Қапланбек аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 162 | 1% | 1 |
7. | "№ 123 Самал жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 234 | 1% | 1 |
8. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 989 | 1% | 6 |
9. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 5 С. Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 180 | 1% | 1 |
10. | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 225 | 1% | 1 |
Барлығы: | 21 |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 18 тамыздағы 2017 жылғы № 302 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 453 | 1% | 2 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Абай" Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 825 | 1% | 2 |
3. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 989 | 1% | 2 |
4. | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 225 | 1% | 1 |
Барлығы: | 7 |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 18 тамыздағы 2017 жылғы № 302 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Сарыағаш ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 139 | 1% | 1 |
2. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 73 Ө. Жанібеков атындағы мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 211 | 1% | 1 |
3. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 221 | 1% | 1 |
4. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 89 Л. Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 181 | 1% | 1 |
5. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 100 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 147 | 1% | 1 |
6. | Сарыағаш аудандық білім бөлімінің "№ 70 С. Байғозиев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 101 | 1% | 1 |
7. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 12 С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128 | 1% | 1 |
8. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 16 И.В. Панфилов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 119 | 1% | 1 |
9. | "Сарыағаш ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 114 | 1% | 1 |
10. | "№ 123 Самал жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 234 | 1% | 1 |
11. | Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 989 | 1% | 1 |
12. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 35 Б. Ғафуров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 112 | 1% | 1 |
13. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 58 Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 1% | 1 |
14. | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 36 Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 110 | 1% | 1 |
15. | "Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 116 | 1% | 1 |
Барлығы: | 15 |
