Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 02.03.2018 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Жүнісовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е.Айтаханов |
| Отырар ауданы әкімдігінің "08" қыркуйек 2017 жылғы № 195 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 274 | 1 | 1 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 476 | 1 | 1 |
Барлығы: | 750 | 2 | 2 |
| Отырар ауданы әкімдігінің "08" қыркуйек 2017 жылғы № 195 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Отырар аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 476 | 1 | 1 |
Барлығы | 476 | 1 | 1 |
| Отырар ауданы әкімдігінің "08" қыркуйек 2017 жылғы № 195 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Отырар ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ш.Қалдаяков атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 192 | 1 | 1 |
Барлығы: | 192 | 1 | 1 |
