"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және 47 бабының 4 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Түркістан қаласының барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда – тегін жол жүру.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат | |
| сессиясының төрайымы | А.Тилепова |
| Қалалық мәслихат | |
| хатшысы | Ғ.Сарсенбаев |
