Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 21.07.2021 № 152 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шал ақын аудандық сайлау комиссиясымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.А.Сәрсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Б.Шәкенов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Қазақстан Республикасы Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
А.Торсанов |
| 2017 жылғы 6 маусым |
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 қаулысына 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны
№ | Елді мекеннің атауы | Орналастыру орны |
1. | Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы (Орталық бөлік) | "Орталық аудандық кітапхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының орталық кіре берісіне іргелес алаңдағы ақпараттық қабырға |
| Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 99 қаулысына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жай
№ | Елді мекеннің атауы | Кездесу үшін үй-жай |
1. | Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы |
"Аудандық мәдениет үйі" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының көрермендер залы, |
