Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 11.11.2021 № 282 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тимирязев аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орын белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлерге таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін 2-қосымшаға сәйкес шартты негізде үй-жай ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы В.Б. Ищановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Базарханов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Ж. Мәкенова |
| 2017 жылғы 06 маусым |
| Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 маусым № 123 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
р/с № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын |
1 |
Тимирязев ауылы, | Аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд |
| Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 маусым № 123 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық үміткерлердің таңдаушылармен кездесулер өткізуі үшін үй-жай
р/с № | Елді мекеннің атауы | Кездесу өткізу үшін үй-жай |
1 |
Тимирязев ауылы, | Аудандық Мәдениет үйі |
