"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес және Мамлют ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 13-12/180 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің "Союз" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруы бойынша шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округінің Искра ауылында "Союз" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдын инфекциялық ринотрахеит ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Воскресенов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 06 қазандағы № 12 шешімі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қазандағы жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4340 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жариялған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округі әкімі | Н. Құсайынов |
