Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында келесі көшелер қайта аталсын:
50 КазССР көшесін - Мәншүк Мәметова көшесі;
Восходная көшесін - Баян батыр көшесі;
521 км көшесін - Бірлік көшесі;
Советов көшесін - Тәуелсіздік көшесі;
3 сентября көшесін - Наурызбай батыр көшесі;
Вокзальная көшесін - Шоқан Уалиханов көшесі;
Садовая көшесін - Қанаш Қамзин көшесі;
Ленин көшесін - Малайсары Тархан көшесі;
Западная көшесін - Қаныш Сәтбаев көшесі;
Автомобилистов көшесін - Жамбыл Жабаев көшесі;
3 микрорайон көшесін - Степан Токарев көшесі;
Южная көшесін - Иван Ворушин көшесі;
25 лет Октября көшесін - Талғат Бигелдинов көшесі;
Школьный переулок көшесін - Достық көшесі;
Химиков көшесін - Абылай хан көшесі;
Промышленная көшесін - Қабанбай батыр көшесі;
Орджоникидзе көшесін - Владимир Поляков көшесі;
Мир көшесін - Бөгенбай батыр көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
| Ауыл әкімі | Қ. Мүскенов |
