Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44 бабы 4 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі ХХІ-сессиясының "Шет аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 21/181 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы "Шет Шұғыласы" № 21 (10.486) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 01 қазанында жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Төлеуқұлов |
