Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 61/03 "Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3946 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 14 қыркүйегінде, 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 120 (22065) "Индустриальная Караганда", 2016 жылдың 15 қыркүйегінде № 150-151 (22256) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған қаулының 2 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Облыс әкімі | Е. Қошанов |
