Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 26.01.2021 № 10 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Бiлiм туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 "Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.";
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері";
"Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/" төртінші бағаны алынып тасталсын.
2. "Байғанин аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Жаңабайға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Байғанин ауданының әкімі | А.Шериязданов |
