Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.07.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.07.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамасын белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк түрде тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына қосымша |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 18.07.2025 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды (бұдан әрі – мамандар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілікті арттыру – дене шынықтыру және спорт саласында бұрын алған кәсіби білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын жаңартуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;
2) даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
3) қайта даярлау – дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
6) оқыту ұйымы – мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметті меншіктік нысанына қарамастан жарғыға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
7) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам.
2-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі
3. Мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды оқыту ұйымы өткізеді.
4. Мамандар даярлаудан, қайта даярлауды және біліктілікті арттырудан бес жылда бір рет жұмыстан қолдарын үзіп, өтеді.
5. Мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мына курс нысандарында өтеді:
1) қысқа мерзімді (кемінде 36 сағат);
2) ұзақ мерзімді (кемінде 108 сағат).
Курстар сабақтар түрінде өткізіледі. Бір сабақ - бір академиялық сағат (45 минут).
6. Оқыту ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді, оны дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келіседі. Келіскеннен кейін оқыту ұйымы дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға курстар кестесінің көшірмесін жолдайды және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
7. Практикалық сабақтарды өткізу үшін өз штатында біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушылар болмаған жағдайда оқыту ұйымы ұлттық спорт федерацияларына жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатуралары сұратылатын, оған қоса оқу бағдарламаларын қоса бере отырып, жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұрату жібереді.
Теориялық сабақтарды өткізу үшін өз штатында біліктілігі жоғары деңгейдегі оқытушылар болмаған жағдайда оқыту ұйымы жалпы пәндер бойынша оқытушыларды іріктеуді өздігінен жүзеге асырады.
Оқыту ұйымы оқытушылармен, жаттықтырушы-оқытушылармен қызметтерді ұсынуға азаматтық-құқықтық шарт жасасады.
8. Мамандарды оқыту оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын оқыту ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініммен (бұдан әрі – өтінім) жүгінеді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына ("электрондық үкімет" порталы арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге ұсынады.
11. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
12. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының "Е-лицензиялау "Мемлекеттік деректер базасының" (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) бірыңғай көліктік қолымен куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
14. Оқыту аяқталғаннан кейін игерілген білімдерін бақылау мақсатында тест түрінде электрондық форматта емтихан өткізіледі.
Тестілеудің нәтижесі сұрақтардың жалпы санынан елу пайыздан аса дұрыс жауаптар жиналған болса оң, ал тест сұрақтарының жалпы саны елу пайыздан кем болса – теріс деп бағаланады.
15. Тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда тыңдаушыларға келесі құжаттардың бірі беріледі:
1) біліктілікті арттыру кезінде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік;
2) даярлау, қайта даярлау кезінде – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік.
16. Тестілеудің теріс нәтижесін алған немесе қысқа мерзімді курста 8 сабақтан артық немесе ұзақ мерзімді курста 24 сабақтан артық жіберген жағдайда тыңдаушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
Оқыту ұйымы мамандардың даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуінің қорытындылары бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы есепті қалыптастырады және оны уәкілетті органға келесі есеп беру жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімге жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
18. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.
19. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
20. Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінім
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мынадай мамандарды ___________ (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) өту үшін жіберіледі:
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Лауазымының толық атауы | Тақырыбы, спорт түрі | Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні) | Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
________________________________
(жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда), (жеке тұлға
үшін – мекенжайы, телефон нөмірі,
электрондық мекенжайы;
заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды
мекенжайы, телефон нөмірі,
электрондық мекенжайы).
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру қағидаларына 2-қосымша |
"Дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды портал арқылы тапсырған сәттен бастап – автоматты түрде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Порталда-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасының бірыңғай көліктік қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке және заңды тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға электрондық құжат нысанында сұрау салу. |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
_________________________________________
оқыту ұйымының атауы
КУӘЛІК №___
Осы куәлік ________________________________________
берілді, (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша
курстан 20___ ж. "___" ____________ бастап "___" _________________________
_________________________________________________________тақырыбында
____________ сағат көлемінде өтті.
______________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөр орны (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы (болған жағдайда)
лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________
_______________
(берілген орны)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
____________________________________
оқыту ұйымының атауы
КУӘЛІК №___
Осы куәлік __________________________________________________
берілді, (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау, қайта даярлау) бойынша
курстан 20___ ж. "___" ____________ бастап "___" ________________________
________________________________________________________тақырыбында
____________ сағат көлемінде өтті.
_______________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөр орны (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы (болған жағдайда)
лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________
_______________
(берілген орны)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру қағидаларына 5-қосымша Нысан |
____________________________________
оқыту ұйымының атауы
Анықтама
Осы куәлік _______________________________________________
берілді, (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау
немесе қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) курстан 20___ ж. "___" ____ бастап "___"
______________ дейін тақырыбы:_______________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ себебімен
(тестілеудің теріс нәтижесі немесе курсты өткізіп жіберу)
__________ сағат көлемінде өтпеді.
______________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөр орны (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы (болған жағдайда)
лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________
_______________
(берілген орны)