Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 25.08.2017 № 304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5, 8 тармақтарына сәйкес Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүзден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елуден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
