1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 25/1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 наурыз № 2617 тіркелген және 2014 жылғы 18 сәуір № 16 "Ауыл арайы" газетінде және 2014 жылғы 18 сәуір № 16 "Сельская новь" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Жамбыл аудандық мәслихаттың кезекті VІІ сессиясының төрағасы |
Р.Садыков |
|
Жамбыл аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б.Мұсабаев |
