Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Лебяжі ауданының Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылының "Святілғазы" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | Т. Қасенов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы Ауыл | |
| Шаруашылығы Министрлігі | |
| ветеринариялық бақылау және | |
| Қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық | |
| Аумақтық инспекциясының басшысы | Ғ. Сагалов |
| 2016 жылғы "20" сәуір |
