Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 02.02.2026 № 21/1 қаулысымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" № 920 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Бақауов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысына қосымша |
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
Р/с № | Критерийдің атауы | Айыру түрлері |
1 |
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы; | Аукцион түріндегі сауда-саттықтар |
2 |
Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау; | Тендер түріндегі сауда-саттықтар |
3 |
Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту; | Тікелей мекенжайлық сату |
4 |
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда, оларды сату; | Қор биржасындағы сауда-саттықтар |
5 |
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі; | Туынды бағалы қағаздарды сату |
6 |
Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында; | Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс |
