"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 599 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақтың 14) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру;";
"21) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"23-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;";
30-тармақ "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
