"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 мамырдағы № 254 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылдың 26 мамырында № 5518 тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2016 жылғы 1 маусымда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
| Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "25" қазандағы № 360 қаулысына қосымша |
|
| Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "13" мамырдағы № 254 қаулысына қосымша |
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
№ | Аудан атауы | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге) |
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік) | ||
1 | Қармақшы ауданы | 24240 |
Мектеп жанындағы шағын орталық | ||
18371 |
