1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 466 "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4734 тіркелген, 2016 жылғы 15-16 ақпанда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіосы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
