Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 30.01.2018 № 6С20-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2009 жылдың 31 наурыздағы № 4С12-3 "Кәсіпкерлік қызметін Егіндікөл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-80 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 сәуірінде "Шұғыла - Целинная нива" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Т.Бокишев |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Егіндікөл ауданының әкімі | Н.Төлепов |
2016 жылғы 24 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" ММ басшысы |
Т.Ахметуллин |
2016 жылғы 24 желтоқсан
| Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С10-8 шешіміне қосымша |
Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 9 |
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 15 |
5. | Карт | 6 |
6. | Бильярд үстелі | 10 |
