РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 болып тіркелген, аудандық "Бұланды таңы" және "Вести Буланды жаршысы" газеттерінде 2014 жылғы 23 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұланды ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларындағы бүкіл мәтінінде:
мемлекеттік тілде "селолық" деген сөз;
орыс тілінде "аульных" және "аульного" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Кезектен тыс 5 – сессияның төрағасы |
Б.Қажақанов |
|
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
11 тамыз 2016 жыл
