Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 13.02.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 тамыздағы № 300 және № 301 ұсыныстары негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 08.09.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді және шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Г. Исатаева |
