РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Зырян ауданының мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29/6-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3264 тіркелген, 2014 жылғы 01 мамырдағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 17 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Зырян ауданының мәслихатының Регламентiнде:
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы, | |
| Зырян ауданының | |
| мәслихат хатшысы | Г. Денисова |
