Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 26.08.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 150 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардан құтырма ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е. Тендыске осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерназар ауылдық округі әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Б. Марзатаева |
