"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, үгіттік баспа материалдарын орналастыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 1 қосымшаға сәйкес, Шал ақын аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау.
2. 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының сайлаушылармен кездесуі үшін келісімшарт негізінде үй-жайлар ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Самғат Қуатұлы Ермекбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М.Омаров |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы 2015 жылғы 6наурыз |
А.Торсанов |
| Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыз № 50 қаулысына 1 қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындар
| Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыз № 50 қаулысына 2 қосымша |
