Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 14.12.2020 № 264-60-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10- тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 134-30-5 "Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2014 жылы 17 мамыр күні "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі - ҰОС) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 000 (бес мың) теңге сомасында;";
төртінші абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "14" саны "10" санымен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "3,5" саны "10" санымен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "1,8" саны "10" санымен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "1,8" саны "5" санымен ауыстырылсын.
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (ерлерге) 2,3 АЕК мөлшерінде".
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Кезектен тыс сессияның төрағасы |
Ж. Беспаев |
|
Ертіс аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Беспаев |
| КЕЛІСІЛГЕН: | |
| Павлодар облысы әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Д.Тұрғанов |
| 2015 жылғы 3 наурыз |
