Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 789/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда № 4643 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.12.2025 № 932/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы "Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" № 178 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.12.2025 № 932/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.12.2025 № 932/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "10" шілдедегі
№ 789/7 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен
пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 05.12.2025 № 932/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


п/п

Азаматтар санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1.

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2.

Көп балалы отбасыларынаң оқушы – балалар

Тегін

3.

Балалар үйлерінен оқушы – балалар

Тегін

4.

Спорт ардагерлері

Тегін

5.

Оқушылар

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегі жеңілдік

6.

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегі жеңілдік

7.

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құпынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      Ескертпе: Осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады