Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы мәслихатының 10.08.2020 № 556 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 127-бабының 2-тармағына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171 тіркелген, Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимі қағидаларының 3, 9-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес бекітілсін:
осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан 37 километр оңтүстік-батыста орналасқан, Дәуімшар қорымы;
осы шешімнің 3, 4-қосымшаларына сәйкес, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан 60 километр оңтүстік-батыста орналасқан, Қарасақал қорымы;
осы шешімнің 5, 6-қосымшаларына сәйкес, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан 68 километр оңтүстік-батыста орналасқан, Сүндет мавзолейі;
осы шешімнің 7, 8-қосымшаларына сәйкес, Байғанин ауданының Оймауыт ауылынан 43 километр батыс-оңтүстік-батыста орналасқан, Асан-Қожа қорымы;
осы шешімнің 9, 10-қосымшаларына сәйкес, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылынан 18 километр солтүстік-батыста орналасқан, Тоқпан мавзолейі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың | Облыстық |
| сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
| Л. ЖАЗЫҚОВА | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 1-қосымша |
Дәуімшар қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 37 километр жерде орналасқан Дәуімшар қорымының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына 200 астам қабірүсті құрылыстар енді, оның ішінде:
Дәуімшар қабірі;
Мырза-Мұрын мавзолейі;
мавзолейлер;
сағанатамдар;
қабірүсті өңделмеген және тас қоршаулар құлпытастармен;
сандықтастар;
қойтастар;
жолдар.
Дәуімшар қорымының қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 11,38 гектарды құрайды. Оның ішінде:
Дәуімшар қорымының ауданы – 2,81 гектар;
қорғау аймағының ауданы – 1,26 гектар;
құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 3,20 гектар;
қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 4,11 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және ескерткіш үшін маңызды, жоғары ғылыми құндылыққа және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи орта енеді.
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 2-қосымша |
Дәуімшар қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 3-қосымша |
Қарасақал қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 километр жерде орналасқан Қарасақал қорымының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына бір мыңнан кем емес қабірүсті құрылыстар енді, оның ішінде:
Қарасақал қабірі;
Індібай мавзолейі;
мавзолейлер;
сағанатамдар;
қабірүсті өңделмеген кірпіштен және тақтатас құрылыстар;
сандықтастар;
қойтастар;
жолдар.
Қарасақал қорымының қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 31,57 гектарды құрайды. Оның ішінде:
Қарасақал қорымының ауданы – 14,86 гектар;
қорғау аймағының ауданы – 2,88 гектар;
құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 6,47 гектар;
қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 7,36 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және ескерткіш үшін маңызды, жоғары ғылыми құндылыққа және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи орта енеді.
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 4-қосымша |
Қарасақал қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 5-қосымша |
Сүндет мавзолейінің (ХIХ ғасырдың екінші жартысы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы Байғанин ауданының Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 68 километр жерде орналасқан Сүндет мавзолейінің бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына енді:
Сүндет мавзолейі (ХІХ ғасырдың екінші жартысы);
бір сандықтас;
20 жуық қабірүсті өңделмеген және тас қоршаулар;
алты құлпытастар.
Сүндет мавзолейінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 4,89 гектарды құрайды. Оның ішінде:
Сүндет мавзолейінің ауданы – 0,63 гектар;
қорғау аймағының ауданы – 0,54 гектар;
құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 1,54 гектар;
қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 2,18 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және ескерткіш үшін маңызды, жоғары ғылыми құндылыққа және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи орта енеді.
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 6-қосымша |
Сүндет мавзолейінің (ХIХ ғасырдың екінші жартысы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 7-қосымша |
Асан-Қожа қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы Байғанин ауданының Оймауыт ауылынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 43 километр жерде орналасқан Асан-Қожа қорымының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына 264 қабірүсті құрылыстар енді, оның ішінде:
мавзолейлер;
сағанатамдар;
қабірүсті өңделмеген кірпіштен және тақтатас құрылыстар;
сандықтастар;
қойтастар;
жолдар.
Асан-Қожа қорымының қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 12,7 гектарды құрайды. Оның ішінде:
Асан-Қожа қорымының ауданы – 3,6 гектар;
қорғау аймағының ауданы – 1,4 гектар;
құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 3,42 гектар;
қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 4,28 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және ескерткіш үшін маңызды, жоғары ғылыми құндылыққа және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи орта енеді.
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 8-қосымша |
Асан-Қожа қорымының (ХVІІ-ХХ ғасырлардың басы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 9-қосымша |
Тоқпан мавзолейінің (ХІХ ғасырдың ортасы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 километр жерде орналасқан Тоқпан мавзолейінің бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.
Қорғау аймағына енді:
Тоқпан мавзолейі (ХІХ ғасырдың ортасы);
бір сандықтас;
тоғыз қабірүсті өңделмеген және тас қоршаулар;
екі құлпытастар.
Тоқпан мавзолейінің қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағы шекараларының жалпы ауданы 4,86 гектарды құрайды. Оның ішінде:
Тоқпан мавзолейінің ауданы – 0,50 гектар;
қорғау аймағының ауданы – 0,50 гектар;
құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 1,56 гектар;
қорғалатын табиғат ландшафты аймағының ауданы – 2,3 гектар.
Қорғалатын табиғат ландшафты аймағы ескерткішті қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан аумақты алып жатыр. Оған тарих және ескерткіш үшін маңызды, жоғары ғылыми құндылыққа және жоғары эстетикалық сапаға ие табиғи орта енеді.
| 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 352 облыстық мәслихаттың шешіміне 10-қосымша |
Тоқпан мавзолейінің (ХІХ ғасырдың ортасы) қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары

