РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Х.Шәкенов |
|
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
|
Степногорск қаласының әкімі |
М.Тақамбаев |
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
А.Есжанов |
