"Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, 13-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық нормативтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді сақтау туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 2-3-қосымшаға сәйкес химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 2-4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 1 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 шілде
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 1-қосымша |
Фитосанитариялық нормативтер
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.07.2020 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.03.2021 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.08.2023 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с № | Атауы | Зиян келтірудің экономикалық шегі, бір шаршы метрге дана | |
1 | 2 | 3 | |
1-тарау. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
1 | Біржылдық дара жарнақтылар | Кәдімгі қара сұлы | 15 |
Түкті тары | 25 | ||
Қонақ тары | 40 | ||
Күрмек | 10 | ||
Көкшіл мысыққұйрық | 60 | ||
Жасыл мысыққұйрық | 60 | ||
Қыздырма үйбидайық | 7 | ||
Жабайы арпа | 10 | ||
2 | Біржылдық қосжарнақтылар | Ақ алабұта | 25 |
Шырмауық самалдығы | 6 | ||
Ноғай қарамығы | 7 | ||
Құс самалдық | 13 | ||
Шалқақ гүлтәжі | 23 | ||
Арамтары гүлтәжі | 8 | ||
Дала қышасы | 12 | ||
Егістік қанатжеміс | 18 | ||
Жұмыршақ | 14 | ||
Кәдімгі ошаған | 5 | ||
Орташа жұлдызшөп | 10 | ||
Кәдімгі сораң | 5 | ||
Арам қарасора | 5 | ||
Жабайы шомыр | 5 | ||
Дала торғайшөбі | 4 | ||
Көк гүлкекіре | 3 | ||
Айланшөп самалдық | 14 | ||
Қызыл таспа самалдық | 14 | ||
Шырмауық самалдық | 6 | ||
София сармаласы | 4 | ||
Кәдімгі сасық меңдуана | 3 | ||
Дала тегеурінгүлі | топырақ жамылғысының 30 пайызына дейін (бұдан әрі – %) | ||
Теофрас бұйракендірі | 1 | ||
Арам шытырмақ | 1 | ||
Жалпақжапырақ шытырмақ | 1 | ||
Кәдімгі қарамықша | 1 | ||
Сеппе көкнар | 10 | ||
Канада майдажелегі | 6 | ||
Татар көкпегі | 10 | ||
Шашақбас бүйрекбет | 10 | ||
Кәдімгі бақбақ | 3 | ||
Арам күнбағыс | 1 | ||
Қара алқа | 3 | ||
Жабысқақ кызылбояу | 3 | ||
Дәрілік жаманкөк | 5 | ||
Аласа құлқайқар | 14 | ||
Кәдімгі түймедақ | 4 | ||
Кәдімгі майдашөбі | 6 | ||
Сібір сарботқасы | 8 | ||
Ошағанжапырақты циклахена | 1 | ||
3 | Көпжылдық даражарнақтылар | Бұтақты бидайық | 3 |
Жатаған бидайық | 2 | ||
Дала қырықбуыны | 2 | ||
Теңіз түйнекөлеңі | 2 | ||
Салалы қарашағыр | 2 | ||
Алеппо құмайы | 1 | ||
Кәдімгі қамыс | 1 | ||
4 | Көпжылдық қосжарнақтылар | Дала тікенқурайы | 2 |
Татар сүтжапырағы | 3 | ||
Сабақты сүттіген | 3 | ||
Индер сүттігені | 2 | ||
Дала қалуені | 3 | ||
Дала шырмауығы | 4 | ||
Жантақ | 3 | ||
Кәдімгі сиякөк | 2 | ||
Таужапырақ гүлкекіре | 2 | ||
Ащы шұбаршөп | 3 | ||
Тышқан сиыржоңышқасы | 3 | ||
Жалаң мия | 3 | ||
Түлкі құйрық ақмия | 3 | ||
Кәдімгі қышабас | 3 | ||
Қарақоңыр тілікгүл | 3 | ||
Ащы жусан | 3 | ||
Кәдімгі жусан | 3 | ||
Үлкен жолжелкен | 5 | ||
Қандауыр жолжелкен | 5 | ||
Кәдімгі мынжапырақ | 3 | ||
Бұйра қымыздық | 3 | ||
Түйнекті әйкен | 3 | ||
Кәдімгі шашыратқы | 2 | ||
Күміс қазтабан | 3 | ||
5 | Екі жылдық қосжарнақтылар (азжылдық) | Қара меңдуана | 3 |
Ақ түйежоңышқа | 7 | ||
Сары түйежоңышқа | 7 | ||
Шығыңқы кәріқыз | 8 | ||
Бұйра түйетікен | 3 | ||
Еңкіш түйетікен | 3 | ||
Имектеу түйетікен | 3 | ||
Жабайы сүтжапырақ | 1 | ||
6 | Арамшөптер кешені | Жабайы сұлы басым арамшөптер кешені | 10 |
Жабайы сұлы жоқ арамшөптер кешені | 5 | ||
Азжылдық арамшөптер кешені | 5 | ||
Көпжылдық арамшөптер кешені | 2 | ||
2-тарау. Қант қызылшасы арамшөптерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
Р/с № |
Арамшөп | Дақылдың даму фазасы | Зияндылықтың экономикалық шегі, шаршы метрге дана |
1 | 2 | 3 | 4 |
7 |
Шырмауық таран | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 2-4 |
8 |
Алабұта | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 1-2 |
9 |
Егістік сары қалуен | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 1-2 |
10 |
Жабысқақ қызылбояу | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 5-8 |
11 |
Тауық тары | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 2-4 |
12 |
Жабайы шомыр | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 3-5 |
13 |
Кәдімгі гүлтәжі | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 1-2 |
14 |
Далалық шырмауық | өскіндері – 8 нағыз жапырақ | 6-8 |
3-тарау. Картоп отырғызған алқапта арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
15 |
Алабұта | Вегетация кезеңінде | 2-4 |
16 |
Тауық тары | Вегетация кезеңінде | 5-8 |
17 |
Далалық шырмауық | Вегетация кезеңінде | 6-8 |
18 |
Егістік сары қалуен | Вегетация кезеңінде | 1-2 |
19 |
Кәдімгі гүлтәжі | Вегетация кезеңінде | 2-3 |
20 |
Жабайы шомыр | Вегетация кезеңінде | 3-5 |
4-тарау. Астық тұқымдастар, бұршақты және майлы дақылдардың егістерінде түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
21 |
Егістік сары қалуен | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-2 |
22 |
Қылды қалуен | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-2 |
23 |
Далалық шырмауық | өскіндері – 2-4 жапырақ | 2-3 |
24 |
Жатаған бидайық | өскіндері – 2-4 жапырақ | 4-5 |
25 |
Көк итқонақ | өскіндері – 2-4 жапырақ | 4-5 |
26 |
Кәдімгі ошаған | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-2 |
27 |
Алабұта | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-3 |
28 |
Егістік қыша | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-10 |
29 |
Теофрастың арқаны | өскіндері – 2-4 жапырақ | 1-2 |
5-тарау. Күріш егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
30 |
Күріш тарысы | 2-3 жапырақ | 8-10 |
31 |
Тауық тары | 2-3 жапырақ | 8-10 |
32 | Ірі жемісті тары ЕChinochloaCОArctata (Stev.) Kossenko | 2-3 жапырақ | 8-10 |
33 |
Жалпақ жапырақты қоға | өскіндері – түптену | 10-20 |
34 |
Жіңішке жапырақты қоға | өскіндері – түптену | 10-20 |
35 |
Жолжелекті алисма | өскіндері – түптену | 10-20 |
36 |
Дөңгелек шай | өскіндері – түптену | 10-20 |
37 |
Түйнекті қамыс | өскіндері – түптену | 1 түйнек |
38 |
Кәдімгі қамыс | өскіндері – түптену | 2 сабақ |
39 |
Үш жапырақты | өскіндері – түптену | 10-20 |
40 |
Арамшөп күріш | өскіндері – түптену | 5-10 |
41 |
Монохория Корсаков | 5-6 жапырақ | 2-8 |
6-тарау. Күнбағыс егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
42 |
Кәдімгі қара сұлы | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 5-8 |
43 |
Көк итқонақ | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 4-5 |
44 |
Тауық тары | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 5-8 |
45 |
Жатаған бидайық | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 2-3 |
46 |
Шырмауық таран | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 2-3 |
47 |
Алабұта | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 2-4 |
48 |
Кәдімгі гүлтәжі | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 1-3 |
49 |
Егістік қызғылт қалуен | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 1 |
50 |
Далалық шырмауық | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 2-4 |
51 |
Талшықты сүттіген | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 1-2 |
52 |
Егістік сары қалуен | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 2 |
53 |
Кәдімгі сурепка | өскіндері – 4-5 нағыз жапырақ | 3-4 |
7-тарау. Рапс егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
54 |
Қызылша гүлтәжі | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 2-3 |
55 |
Кәдімгі жусан | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1-2 |
56 |
Ақ алабұта | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 4-5 |
57 |
Егістік сарықаулені | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1 |
58 |
Егістік шырмауық | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 2-3 |
59 |
Циклахена | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1 |
60 |
Тауық тарысы | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 5-10 |
61 |
Егістік сары қаулен | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1-2 |
8-тарау. Зығыр егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитарлық нормативтер | |||
62 |
Зығырдың үйбидайығы | "шыршалы" фазасы | жол берілмейді |
63 |
Тауық тарысы | "шыршалы" фазасы | 8-10 |
64 |
Итқонақтар | "шыршалы" фазасы | 4-5 |
65 |
Зығыр тараны | "шыршалы" фазасы | 5-7 |
66 |
Алабұта | "шыршалы" фазасы | 9-18 |
67 | Пикульник обыкновенный Galeopsis speciosa Mill. | "шыршалы" фазасы | 15-18 |
68 |
Жабайы шомыр | "шыршалы" фазасы | 4-6 |
69 |
Зығыр майдашөбі | "шыршалы" фазасы | 8-10 |
70 |
Иіссіз түймедақ | "шыршалы" фазасы | 5-7 |
71 |
Егістік қызғылт қалуен | "шыршалы" фазасы | 1-3 |
72 |
Егістік сары қалуен | "шыршалы" фазасы | 2-4 |
73 |
Кәдімгі сурепка | "шыршалы" фазасы | 3-5 |
74 |
Көк гүлкекіре | "шыршалы" фазасы | 3-5 |
9-тарау. Қыша егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
75 |
Кәдімгі гүлтәжі | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 2-3 |
76 |
Кәдімгі жусан | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1-2 |
77 |
Алабұта | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 3-5 |
78 |
Егістік қызғылт қалуен | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1 |
79 |
Далалық шырмауық | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 2-3 |
80 |
Циклахена | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1 |
81 |
Тауық тарысы | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 6-10 |
82 |
Егістік сары қалуен | 3-4 жапырақ – гүлшанақтың пайда болуы | 1-2 |
10-тарау. Азықтық тамыржемістілер егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
83 |
Шырмауық таран | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 2-4 |
84 |
Алабұта | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
85 |
Егістік сары қалуен | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
86 |
Жабысқақ қызылбояу | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 3-5 |
87 |
Тауық тарысы | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 4-5 |
88 |
Жабайы шомыр | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 2-3 |
89 |
Кәдімгі гүлтәжі | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
11-тарау. Көпжылдық шөптердің арамшөптерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
90 |
Жатаған бидайық | өсуінің басталуы | 4-5 |
91 |
Құмай жүгері | өсуінің басталуы | 1-2 |
92 |
Салалы қарашағыр | өсуінің басталуы | 4-5 |
93 |
Егістік сары қалуен | өсуінің басталуы | 1-2 |
12-тарау. Қырыққабат егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
94 |
Кәдімгі гүлтәжі |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
1-3 |
95 |
Кәдімгі жусан |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
1-2 |
96 |
Алабұта |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
2-5 |
97 |
Егістік қызғылт қалуен |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
1 |
98 |
Далалық шырмауық |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
2-3 |
99 |
Циклахена |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
1 |
100 |
Тауық тарысы |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
6-8 |
101 |
Егістік сары қалуен |
көшетсіз – 4-5 жапырақ, |
1 |
13-тарау. Асхана қызылшасының егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
102 |
Шырмауық таран | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 2-3 |
103 |
Алабұта | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
104 |
Егістік сары қалуен | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
105 |
Жабысқақ қызылбояу | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 5-7 |
106 |
Тауық тарысы | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 4-6 |
107 |
Жабайы шомыр | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 3-5 |
108 |
Кәдімгі гүлтәжі | 2-3 жұп нағыз жапырақтар | 1-2 |
14-тарау. Пияздың, сарымсақтың және сәбіздің егісіндегі арамшөптердің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
109 |
Шырмауық таран | 2-3 жапырақ | 1-2 |
110 |
Алабұта | 2-3 жапырақ | 1-2 |
111 |
Тауық тарысы | 2-3 жапырақ | 3-5 |
112 |
Далалық шырмауық | 2-3 жапырақ | 2-4 |
113 |
Егістік сары қалуен | 2-3 жапырақ | 1-2 |
114 |
Кәдімгі гүлтәжі | 2-3 жапырақ | 1-2 |
115 |
Жабайы шомыр | 2-3 жапырақ | 1-2 |
116 |
Жабысқақ қызылбояу | 2-3 жапырақ | 2-3 |
117 |
Кәдімгі қара сұлы | 2-3 жапырақ | 2-4 |
15-тарау. Қияр егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
118 |
Тауық тарысы | 3-4 жапырақ | 2-3 |
119 |
Кәдімгі гүлтәжі | 3-4 жапырақ | 1-3 |
120 |
Қара алқа | 3-4 жапырақ | 1-4 |
16-тарау. Бақша дақылдарының егісіндегі арамшөп түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
121 |
Тауық тарысы | "шарик" фазасы | 3-4 |
122 |
Кәдімгі гүлтәжі | "шарик" фазасы | 3-4 |
123 |
Қара алқа | "шарик" фазасы | 3-4 |
124 |
Қара алқа | "шарик" фазасы | 3-4 |
17-тарау. Қызанақтық, баялдының және бұрыштың егісіндегі арамшөптердің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||
125 |
Шырмауық таран |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
3-4 |
126 |
Далалық шырмауық |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
2-4 |
127 |
Егістік сары қаулен |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
1-2 |
128 |
Кәдімгі гүлтәжі |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
2-3 |
129 |
Жабайы шомыр |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
2-3 |
130 |
Жабысқақ қызылбояу |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
3-4 |
131 |
Тауық тарысы |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
4-5 |
132 |
Кәдімгі қара сұлы |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
3-5 |
133 |
Қара алқа |
көшетсіз – 2-4 жапырақ, |
3-5 |
18-тарау. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||||
Р/с № | Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы | Аса қауіпті зиянды организмнің даму сатысы | Дақыл және (немесе) алқаптар | Дақылдың даму фазасы | Зияндылық шегі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
134 | Үйірлі шегіртке тектестер: италиялық прус | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
135 | Марокколық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
136 | Азиялық шегіртке | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 5 және одан көп дана |
137 | Астықтың сұр көбелегі | жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тауарлық егістер) | сүттеніп пісу | салқын ауа райында 100 масаққа 15 жұлдызқұрттан артық, қоңыржай ауа райында 20-дан артық және құрғақшылық ауа райында 30-дан артық |
жұлдызқұрттар | жаздық бидай (тұқымдық егістер) | сүттеніп пісу | жоғарыдағы көрсетілген өлшемшарттар 2 есеге төмен | ||
138 | Зиянды бақашық | қыстаған қандалалар | күздік (жаздық) бидай | түптену | 1 шаршы метрге 1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есеге (0,5-1,0) төмендейді |
дернәсілдер | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 5 дернәсіл | ||
дернәсілдер | жаздық бидай | сүттеніп пісу | 1 шаршы метрге 2 дернәсіл | ||
139 | Астық қоңыздары: кузька қоңызы, әдемі қоңыз, айқышты қоңыз | имаго | жаздық бидай | гүлдеу-дән толысудың басы | 1 шаршы метрге 3 қоңыздан артық |
140 | Гессен шыбыны | пупарий | бидай танабы (аңыз) | егуге дейін | 1 шаршы метрге өмір сүруге қабілетті 5-10 және одан да көп пупарий |
141 | Гессен шыбыны | жұмыртқа | жаздық бидай | толық өскін - түптену | 30 %-дан астам жұмыртқалар жайлаған өсімдіктер |
142 | Дәнді дақылдардың аурулары:септориоз | уредокезең | бидай (күздік, жаздық) | вегетациялық кезеңнің бірінші жартысы |
жапырақ орта қабатта 10-25-ке дейін, жоғары қабатта 1-5-тен аспай септориозбен, тиісінше 10 және 1 % қоңыр татпен залалданған жағдайда. |
143 | Қоңыр тат | уредокезең | бидай (күздік, жаздық) | вегетациялық кезеңнің бірінші жартысы |
жапырақ орта қабатта 10-25-ке дейін, жоғары қабатта 1-5-тен аспай септориозбен, тиісінше 10 және 1 % қоңыр татпен залалданған жағдайда. |
144 | Сары тат | уредокезең | бидай (күздік) | гүлдеу | аурудың 30 % дамуы |
145 | Өрмекші кене | жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | мақта | гүлшанақтанудың басталуы-пісудің басталуы | танапта өсімдіктердің залалдануы 10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа 150 дарақ) |
жұмыртқа, дернәсілдер, имаго | соя | вегетациялық кезеңде | өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны 1 жапыраққа 10 дарақтан артық | ||
қант қызылшасы | вегетациялық кезеңде | танаптағы өсімдіктің 10 %-дан астам залалдануы, кененің саны 1,5 балдан жоғары | |||
146 | Мақтадағы мақта көбелегі | жұмыртқа, жұлдызқұрт | мақта | гүлшанақтанудың басталуы – пісудің басталуы | 100 өсімдікке 8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт |
147 | Жүгерідегі мақта көбелегі | көбелек, жұлдызқұрт | жүгері | вегетациялық кезеңде | бір торға тәулігіне 8-10 көбелек, бұл танаптағы зиянкестің шекті санына сәйкес келеді |
148 | Сарышұнақтар | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | вегетациялық кезең | егістерде және егістен 300 метрлік аймақта – 1 гектарға 5 аң, ал 2 километр аймақта – 1 гектарға 15-20 аңнан артық | |
149 | Тышқан тәріздес кеміргіштер | дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер | вегетациялық кезең | 25 қыспаға үш кеміргіш ұстау (100 қыспаға шаққанда – 12 %), сондай-ақ учаскеде жапалақтардың топталуы, ал солтүстік аймақта сұр тышқандардың қысқы қар асты ұяларының болуы | |
150 | Колорадо қоңызы | қоңыздар | картоп | өсімдіктің өсу фазасында биіктігі 15-25 см дейін | картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған |
қыстап шыққан қоңыздар мен дернәсілдер | картоп | гүлшанақтану фазасы – гүлдеу | саны 1 өсімдікке 20 дернәсіл мөлшерінде түптердің 5-8 %-ына қоныстанған | ||
151 | Қырыққабат көбелегі | жұлдызқұрттар | майлы дақылдар | вегетациялық кезең | 10 % қоныстанған кезде бір өсімдікке 2-3 жұлдызқұрттан |
151-1 | Шабындық көбелегі | жұлдызқұрттар | ауыл шаруашылығы дақылдары | өскіндер, жас өсімдіктер | 1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт |
вегетациялық кезеңі | 1 шаршы метрге 20 жұлдызқұрт | ||||
19-тарау. Зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер | |||||
152 | Саяқ шегірткетектестер | дернәсілдер | ауыл шаруашылығы алқаптары | вегетациялық кезең | 1 шаршы метрге 8-10 дана |
153 | Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2023 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. | ||||
154 | Бидай шашақ қанаттысы | дернәсілдер, имаго | жаздық бидай | түтіктеу кезеңінде-масақ шашудың басталуы | бір сабаққа 10 шашаққанатты имагосы |
астық қалыптасу кезеңінде | бір масаққа 45-50 дернәсілден | ||||
155 | Карадрина | жұлдызқұрттар | мақта | вегетациялық кезең | 50 % қоныстанған кезде бір өсімдікке 1-2 жұлдызқұрттан |
30 % қоныстанған кезде бір өсімдікке 3 жұлдызқұрттан | |||||
156 | Жағалау шыбыны | дернәсілдер | күріш | өскіндер | 1 шаршы метрге 40 жұлдызқұрт |
157 | Бізтұмсықтар | қоңыздар | дәнді-бұршақты және техникалық дақылдар | өскіндер – қант қызылшасының нағыз жапырақтарының пайда болуы | 1 шаршы метрге 0,2-0,3 қоңыз |
қант қызылшасының нағыз жапырақтарының 1-4 жұбы фазасында | 1 шаршы метрге 0,5-0,6 қоңыз | ||||
асбұршақ өскіні | 1 шаршы метрге 5-10 қоңыз | ||||
мақсарының тармақталған өскіні | 1 шаршы метрге 1-2 қоңыз | ||||
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 2-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-1
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезең: 20____ жылғы ____ (жартыжылдық)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне –жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)
1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер
Р/с № | Субъектінің атауы | Нақты орналасқан жері | Орналасқан жері, координаттары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі | Кәсіпкерлік субъектінің санаты | Объектінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі ақпарат
Р/с № | Пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу | Пестицидтің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) | Есепті кезең басындағы қалдық | Есепті кезеңде өндірілген | Есепті кезеңде өткізілген | Пестицидтер өткізілген субъектінің (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) атауы | Пестицидтер өткізілген субъектінің орналасқан жері | Есепті кезең соңындағы қалдық | ||||
литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _________________________________
Орындаушы ____________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды пестицидтер өндіруді жүзеге асыратын отандық өндірушілер ғана ұсынады.
Күні 20__жылғы "___" _________
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп" нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ-1, кезеңділігі жартыжылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.
3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша өндірілген және өткізілген пестицидтердің нақты саны негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
5. Нысанды:
қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында "Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 2-НҚ бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген ҚР ҰЖ 11 "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) нақты орналасқан жері көрсетіледі.
10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.
11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.
13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.
16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.
18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезеңде өндірілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында есепті кезеңде өткізілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі
20. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында пестицидтер (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) өткізілген субъектінің атауы көрсетіледі.
21. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес пестицидтер сатылған субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.
22. Нысанның 2-кестесінің 12, 13-бағандарында есепті кезең соңындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 2-1-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп
Ескерту. Бұйрық 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-2
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезең: 20____ жылғы ____ (жартыжылдық)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін нақты қозғалған орны бойынша;
уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді импорттау және өткізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)
1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер
Р/с № | Субъектінің атауы | Нақты орналасқан жері | Орналасқан жері, координаттары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі | Кәсіпкерлік субъектінің санаты | Объектінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы ақпарат
р/с № | Пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу | Пестицидтің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) | Есепті кезеңнің басындағы қалдық | Есепті кезеңде сатып алынды | Есепті кезеңде іске асырылды | Пестицидтер (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) өткізілген субъектінің атауы | Пестицидтер сатылған субъектінің орналасқан жері | Есепті кезеңнің соңындағы қалдық | ||||||||||
барлығы | Импорт бойынша | Ел ішінде | ||||||||||||||||
саны | Сатушының атауы | саны | Сатушының атауы | |||||||||||||||
литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны _________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ____________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_______________________________
______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды импорттаушылар, дистрибьюторлар, пестицидтерді өткізушілер ұсынады.
Күні 20__жылғы "___" _________
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп" нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 2, кезеңділігі жартыжылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға араналған "Пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.
3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша импортталған және өткізілген пестицидтердің нақты саны негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
5. Нысанды:
қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтердің қозғалысы болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.
10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.
11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.
13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.
16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограм көрсетіледі.
18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезеңде сатып алынған пестицидтердің жалпы саны, литр/килограмм көрсетіледі.
19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында импорт бойынша сатып алынған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
20. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында импорт бойынша өткізушінің атауы көрсетіледі.
21. Нысанның 2-кестесінің 11, 12-бағандарында ел ішінде сатып алынған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
22. Нысанның 2-кестесінің 13-бағанында ел ішіндегі сатушының атауы көрсетіледі.
23. Нысанның 2-кестесінің 14, 15-бағандарында есепті кезеңде өткізілген пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
24. Нысанның 2-кестесінің 16-бағанында пестицидтер (жеке және (немесе) заңды тұлғалар) өткізілген субъектінің атауы көрсетіледі.
25. Нысанның 2-кестесінің 17-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес пестицидтер сатылған субъектінің орналасқан жері көрсетіледі.
26. Нысанның 2-кестесінің 18, 19-бағандарында есепті кезең соңындағы пестицидтер қалдықтарының саны, литр/килограмм көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 2-2-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Пестицидтерді сақтау туралы есеп
Ескерту. Бұйрық 2-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Пестицидтерді сақтау туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-3
Кезеңділігі: жартыжылдық
Есепті кезең: 20____ жылғы (жартыжылдық)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді сақтау болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)
1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер
Р/с № | Субъектінің атауы | Нақты орналасқан жері | Орналасқан жері, координаттары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі | Кәсіпкерлік субъектінің санаты | Объектінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Пестицидтерді сақтау туралы ақпарат
Р/с № | Пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу | Пестицидтің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) | Есепті кезеңнің басында болуы | Есепті кезеңде келіп түсті | Есепті кезеңде босатылды | Есепті кезең соңындағы қалдық | Қойма үй-жайларының орналасқан жері | ||||||
литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | литр | килограмм | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | ||
Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны ___________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ____________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді сақтау туралы есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Пестицидтерді сақтау туралы мәліметтер пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі.
Күні 20__жылғы "___" _________
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді сақтау туралы есеп" нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді сақтау туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 3, кезеңділігі жартыжылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Пестицидтерді сақтау туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.
3. Нысан есепті тапсырған күні сақтаудағы пестицидтердің саны туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
5. Нысанды:
қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша;
уәкілетті органның ауданының аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облысының аумақтық бөлімшесіне – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін ұсынады.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында пестицидтерді сақтау болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.
10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.
11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында субъектінің санаты көрсетіледі.
13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу көрсетіледі.
16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 2-кестесінің 4, 5-бағандарында есепті кезең басында бар пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
18. Нысанның 2-кестесінің 6, 7-бағандарында есепті кезең ішінде келіп түскен пестицидтердің саны, литр/килограмм) көрсетіледі.
19. Нысанның 2-кестесінің 8, 9-бағандарында есепті кезең ішінде босатылған пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
20. Нысанның 2-кестесінің 10, 11-бағандарында есепті кезең соңында бар пестицидтердің саны, литр/килограмм көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 2-3-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп
Ескерту. Бұйрық 2-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-4
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20____ жылғы____
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – химиялық өңдеулерді жүргізудің нақты мекенжайы бойынша ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне дейін;
уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;
уәкілетті органға – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 20-күніне дейін.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында химиялық өңдеулер жүргізу болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)
1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер
Р/с № | Субъектінің атауы | Нақты орналасқан жері | Орналасқан жері, координаттары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі | Кәсіпкерлік субъектінің санаты | Объектінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы ақпарат
Р/с № | Зиянды организмнің атауы | Ауыл шаруашылығы дақылының (алқаптың) атауы | Аса қауіпті зиянды организмнің және (немесе) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды организмнің/карантиндік объектінің таралу алаңы, мың гектар | Кадастрлық нөмірі/танап нөмірі | Өңдеу алаңы (көлемі), мың гектар/мың тонна | Пестицидтермен өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы (оны тартқан жағдайда) | Атауы | Пестицидтердің жұмсалғаны | |||||
түрі | маркасы | саны,дана | Пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу | Пестицидтің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы | литр | килограмм | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны _________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ____________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Жүргізілген химиялық өңдеулер туралы мәліметтер қолданылған пестицидтердің түрлері бойынша (бар болса) көрсетіледі.
Күні 20__жылғы "___" _________
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп" нысанға қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 4, кезеңділігі ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.
3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша химиялық өңдеулерді жүргізу туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
5. Нысанды:
қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – химиялық өңдеулерді жүргізудің нақты мекенжайы бойынша ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 5-күніне дейін;
уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;
уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 20-күніне дейін ұсынады.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында химиялық өңдеулер жүргізілмеген жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.
10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.
11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.
13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында зиянды организмнің атауы көрсетіледі.
16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының (алқаптың) атауы көрсетіледі.
17. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында аса қауіпті зиянды организмнің және (немесе) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды организмнің / карантиндік объектінің таралу алаңы, мың гектар көрсетіледі.
18. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында кадастрлық нөмірі/танап нөмірі көрсетіледі.
19. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында өңдеу алаңы (көлемі), мың гектар көрсетіледі.
20. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында пестицидтермен өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы (оны тартқан жағдайда) көрсетіледі.
21. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техниканың түрі көрсетіледі.
22. Нысанның 2-кестесінің 9-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техниканың маркасы көрсетіледі.
23. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында химиялық өңдеуді жүргізген техника, саны, дана көрсетіледі.
24. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында жұмсалған пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеуі көрсетіледі.
25. Нысанның 2-кестесінің 12-бағанында жұмсалған пестицидтердің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) көрсетіледі.
26. Нысанның 2-кестесінің 13-бағанында жұмсалған пестицидтердің саны, литр көрсетіледі.
27. Нысанның 2-кестесінің 14-бағанында жұмсалған пестицидтердің саны, килограмм көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 2-4-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан |
Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп
Ескерту. Бұйрық 2-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан индексі: № ФЕ-5
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20____ жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 5 қаңтарға дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын нақты залалсыздандыру орны бойынша;
уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 15 қаңтарға дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын нақты залалсыздандыру орны бойынша;
уәкілетті органға – жыл сайын, 20 қаңтарға дейін.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады)
1-кесте. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектісі (субъектісі) бойынша жалпы мәліметтер
Р/с № | Субъектінің атауы | Нақты орналасқан жері | Орналасқан жері, координаттары | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрі | Кәсіпкерлік субъектінің санаты | Объектінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-кесте. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі ақпарат
Р/с № | Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы | Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер | Пайдаланылған пестицидтердің ыдысы | Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың атауы | Залалсыздандыру күні | Бункердің нөмірі, орналасқан жері | ||||
Пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеу | Пестицидтің атауы (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы | литр | килограмм | Пестицидтер ыдыстары материалының атауы | Саны (дана) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Атауы _____________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны ____________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы __________________________
Орындаушы ____________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________ ______________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп" нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Залалсыздандыру туралы мәліметтер пестицидтердің атауын, санын және залалсыздандыру (бар болса) тәсілін көрсете отырып, олардың түрлері бөлінісінде көрсетіледі. Бастапқы есепті нысанды импорттаушылар, дистрибьюторлар, өткізушілер ұсынады.
Күні 20__жылғы "___" _________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі – № ФЕ – 5, кезеңділігі жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар, уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары толтырады.
3. Нысан есепті тапсырған күнгі жай-күй бойынша тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру туралы нақты деректер негізінде толтырылуға және ұсынылуға тиіс.
4. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
5. Нысанды:
қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның аудандағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 5 қаңтарға дейін;
уәкілетті органның аудандағы аумақтық бөлімшесі уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесіне – жыл сайын, 15 қаңтарға дейін;
уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар уәкілетті органға – жыл сайын, 20 қаңтарға дейін ұсынады.
Ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру болмаған жағдайда объектінің (субъектінің) заңды мекенжайы бойынша есептіліктің нөлдік нысаны (бос баған) ұсынылады.
6. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
7. Нысанның 1-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
8. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында субъектінің толық атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес нақты орналасқан жері көрсетіледі.
10. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында орналасқан жері, координаттары көрсетіледі.
11. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша қызмет түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында кәсіпкерлік субъектінің санаты көрсетіледі.
13. Нысанның 1-кестесінің 7-бағанында объектінің атауы көрсетіледі.
14. Нысанның 2-кестесінің 1-бағанында реті бойынша нөмірленуі көрсетіледі.
15. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.
16. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді қолдану объектілері бойынша өндірістік жіктеуі көрсетіледі.
17. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің (әсер етуші затты көрсете отырып) атауы көрсетіледі.
18. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің саны, литр көрсетіледі.
19. Нысанның 2-кестесінің 6-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтердің саны, килограмм көрсетіледі.
20. Нысанның 2-кестесінің 7-бағанында пестицидтер ыдыстары материалының атауы көрсетіледі.
21. Нысанның 2-кестесінің 8-бағанында пайдаланылған пестицидтер ыдыстарының саны (дана) көрсетіледі.
22. Нысанның 2-кестесінің 9-бағанында тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруға қабылдаған жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі.
23. Нысанның 2-кестесінің 10-бағанында залалсыздандыру күні көрсетіледі.
24. Нысанның 2-кестесінің 11-бағанында бункердің нөмірі, орналасқан жері көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына 3-қосымша |
Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 15) тармақшасына, 13-бабының және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Фитосанитариялық есепке алу өсімдіктерді қорғау құралдарына, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерінің фитосанитариялық жай-күйіне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген) бекітілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент талаптарының сақталуына, сондай-ақ жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралардың көлемі мен тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібі
3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектісі) фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның аудандардағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелеріне осы бұйрыққа 2, 2-1, 2-2, 2-3 және 2-4-қосымшаларына сәйкес пестицидтерді өндіру, өткізу, қолдану, қозғалысы, сақтау, залалсыздандыру орны бойынша фитосанитариялық есепке алу нысандарын (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу) ұсынады.
4. Фитосанитариялық есептерді фитосанитариялық есепке алу субъектілері мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;
2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді сақтау туралы есепті жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 шілдесіне дейін және 5 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін;
5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 5 қаңтарына дейін.
5. Уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептердің негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органның облыстардағы аумақтық бөлімшелеріне фитосанитариялық есептерді ұсынады.
6. Фитосанитариялық есептерді уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді сақтау туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;
5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін.
7. Уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары уәкілетті органның аудандардағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары/фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептердің негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептерді ұсынады.
8. Фитосанитариялық есептерді уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;
2) пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;
3) пестицидтерді сақтау туралы есепті, жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;
4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есепті, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 20-күніне дейін;
5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есепті, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін.
9. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алу жүргізіледі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органға фитосанитариялық есептер ұсынылады.
10. Фитосанитариялық есептерді басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде бизнес-әріптестер тізілімі (бұдан әрі – "Тізілім" АЖ) арқылы ұсынылады.
"Тізілім" АЖ-да техникалық іркіліс болған жағдайда фитосанитариялық есептер қағаз нысанында жіберіледі.
