"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 09.02.2015 № 21 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибадуллаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С.Полатов |
| Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Аудан атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
| 1 | Отырар ауданы | 1870 | 1450 | 480 |
| Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
| Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
| Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
| 18375,8 | 12122,4 |
| Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына 3-қосымша |
Ата – ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 337,35 | 7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.
