"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Б.Әшірбеков |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "16" шілдедегі № 985 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).| № | Қала атауы | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
| республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |||
| 1 | Түркістан қаласы | 13 965 | 13 300 | 1855 |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "16" шілдедегі № 985 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 03.06.2015 № 706 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).| Айына бір балаға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар | |||||
| Балабақшалар | Шағын орталықтар | Санаторлық балабақшалар | Мектепке дейінгі жеке меншік мекемелер (балабақшалар, шағын орталықтар) | |||
| қалада | ауылдық жерде | балалар толық күн болатын | балалар жарты күн болатын | |||
| 18 376 | 25 055 | 12 578 | 6 289 | 23 000 | 18 376 | |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "16 " шілдедегі № 985 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
| Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 337,35 | 7084,55 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.
