РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталудың қоса беріліп отырған нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
Д.Үсенов |
| Қалалық мәслихат хатшысы | Н.Бекназаров |
| Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы "20" наурыз № 33/215-5с шешіміне қосымша |
Шымкент қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,7 2,0 |
| 2 | Жатаханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,2 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,2 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,24 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,4 |
| 6 | Емханалар | 1 адам | 0,02 |
| 7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек орын | 1,0 |
| 8 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,06 |
| 9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 тағам | 1,5 |
| 10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 орын | 0,26 |
| 11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
| 12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 1,2 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
| 14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 1,2 |
| 15 | Машиналардан сату | Сауда алаңы 1 м2 | 1,4 |
| 16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
| 17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,55 |
| 18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
| 19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
| 20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
| 21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,59 |
| 22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | -- |
| 23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
| 24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,4 |
| 25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
| 26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | -- |
| 27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,2 |
| 28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,56 |
| 29 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
| 30 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) | 1 жұмыс орны | 0,55 |
| 31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
| 32 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | -- |
| 33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | -- |
