Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.11.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облыстық мәслихатының 11.09.2020 № 52/539-VI бірлескен шешімі және Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 18.11.2020 № 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
| Облыстық мәслихат | |
| сессиясының төрағасы | Л.Тәшімов |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ.Ержан |
| Б.Оспанов | |
| Б.Жылқышиев | |
| С.Қаныбеков | |
| Ә.Бектаев | |
| Е.Садыр | |
| С.Тұяқбаев | |
| А.Абдуллаев | |
| Р.Исаева |
| Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы "28" сәуірдегі № 100 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы "15" сәуірдегі № 26/210-V бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Түркістан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Түркістан облысы әкімдігінің 30.12.2024 № 276 бірлескен қаулысымен және Түркістан облыстық мәслихатының 13.12.2024 № 14/191-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Аудан және қала атаулары | Жер учаскесінің көлемі (гектар) | Оның ішінде | ||
жайылым | суарылмайтын егістік | суармалы егістік | |||
1 | Арыс қаласы | 7,5 | 2 | 5 | 0,5 |
2 | Бәйдібек ауданы | 25,5 | 20 | 4 | 1,5 |
3 | Жетісай ауданы | 1 | 0,75 | - | 0,25 |
4 | Келес ауданы | 17 | 10 | 6 | 1 |
5 | Кентау қаласы | 26,5 | 20 | 5 | 1,5 |
6 | Қазығұрт ауданы | 13 | 7 | 5 | 1 |
7 | Мақтаарал ауданы | 4 | 3 | - | 1 |
8 | Ордабасы ауданы | 21 | 10 | 10 | 1 |
9 | Отырар ауданы | 33 | 30 | - | 3 |
10 | Сайрам ауданы | 6 | 3 | 2 | 1 |
11 | Сарыағаш ауданы | 16 | 10 | 5 | 1 |
12 | Созақ ауданы | 62 | 50 | 11 | 1 |
13 | Сауран ауданы | 2,5 | 1 | 0,5 | 1 |
14 | Төлеби ауданы | 6 | 3 | 2 | 1 |
15 | Түлкібас ауданы | 26,5 | 15 | 10 | 1,5 |
16 | Шардара ауданы | 36 | 30 | - | 6 |
