Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) Дәрігерлік–консультациялық комиссия анықтамалары бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
2) 50 жастағы және одан егде тұлғалар;
3) жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
4) ұзақ мерзім жұмыс істемеген тұлғалар (үш ай және одан аса);
5) 29 жасқа дейінгі жастар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Солтанғазинов |
