"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 404 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 13-6-155 тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Есіл таңы" және "Ишим" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
Кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Әбішев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Солтүстік Қазақстан облыстық Сот кеңсесінің басшысы 2013 жылғы 31 қазан |
Сайран Қайыржанұлы Ақтанов |
|
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының Есіл ауданы бойынша бөлімінің басшысы 2013 жылғы 31 қазан |
Жасұлан Серікұлы Бұжықаев |
|
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 2013 жылғы 31 қазан |
Мақсот Жәкияұлы Мұқанов |
