"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы", "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" деген мәтін жаңа редакцияда жазылсын:
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертусіз қалады;
2-1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай облысының әкімі |
Н. Садуақасов |
