Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8805 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 212 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау
мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 30 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7641 тіркелген, 2012 жылғы 8 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 256-257 (27075-27076) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кастодиандық - брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметпен, трансфер-агенттiк қызметпен;".

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Өтініш берушінің (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7733 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 271-273 (27090-27092) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең аз мөлшері белгіленсін:

      1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

      2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

      3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселiк мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;

      4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 300 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

      5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;

      6) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;

      7) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру;

      8) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 70 000 еселiк мөлшерінде - трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға;

      9) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қоса атқару.".

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасының
қаржы ұйымдарын бақылау
мен қадағалау мәселелері
бойынша өзгерістер енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесіне қосымша
  Қаржы ұйымдарының, банк,
сақтандыру холдингтерінің
басшы қызметкерлерін
тағайындауға (сайлауға) келісім беру
қағидаларына және
келісім алу үшін қажетті
құжаттар тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 212 қаулысына
2-қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2802 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4237 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 6 наурызда № 35 (1632) және 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4211 тіркелген, 2006 жылы "Қаржы хабаршысы" журналында № 5 (29) жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4592 тіркелген).

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 20 шілдеде № 110 (1139) жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 19-тармағы.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5000 тіркелген).

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5478 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде № 24 (1447) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 қаулысы("Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5548 тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 5 жарияланған).

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының есеп пен қосымша ақпаратты ұсыну нысандары, мерзімі және кезеңділігі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" 2004 жылғы 15 наурыздағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5630 тіркелген).

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 49 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2-тармағы.

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкес сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағының № 14 және "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 16 және 19-тармақтары.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 58 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6282 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 4-тармағы.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 3 қарашада № 456 (26299) жарияланған) Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 3-тармағы.

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мен бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 123 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7640 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 11 тамызда № 495-500 (27573) жарияланған).

      16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7700 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № № 510-515 (27588) жарияланған).

      17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті түрде тарату жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7635 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 15 тамызда № 510-515 (27588) жарияланған).

      18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 124 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 21 қарашада № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 8-тармақтары.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 23 шілдеде № 107 (2308),; "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 108 (2309), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 25 шілдеде № 109 (2310), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 30 шілдеде № 111 (2312), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 112 (2313), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 2 тамызда № 114 (2315), "Заң газеті" газетінде 2013 жылғы 6 тамызда № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 20 және 33-тармақтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады