Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8412 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бесінші - он үшінші абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 69 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы
қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.04.2026 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облигацияларды иемдену жөніндегі мәмілелер облигацияларды сатып алу күнінде қалыптасқан әділ нарықтық бағасы бойынша жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады