РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасы Қызылорда қаласында 1 (бір) шаршы метрге 2300 (екі мың үш жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.05.2025 № 105 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 20.05.2025 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы қаулы мен шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының әкімі | Б. Қуандықов |
Қызылорда облыстық | |
мәслихатының кезекті | |
3-сессиясының төрағасы | Қ. Бисенов |
Қызылорда облыстық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Еламанов |