Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 28.03.2025 № 19/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың ұсынылған орналастырылуы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.О. Жылбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Ә. Құсайынов |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы "24" қыркүйектегі № 46/01 қаулысына қосымша |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы туралы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 05.05.2023 № 29/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/н | Объект атауы | Объекттер мекенжайы |
1. | "Умай" сауда орталығы | Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, К.Маркс көшесі, 9 үй |
2. | "Корзина" сауда үйі | Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, 22 ықшамауданы, 24 үй |
3. | "Альфа" дүкені | Приозерск қаласы, Достық көшесі, 5 үй |
4. | "Журихин Александр Сергеевич" жеке кәсіпкерінің үй-жайы | Саран қаласы, Кужанов көшесі, 2 үй |
5. | "Евразия" сауда үйі, 1 қабат | Теміртау қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 104 үй |
6. | №10 дүкені | Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 46 |
7. | "Үміткерім" дүкені | Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 19 үй |
8. | "Универмаг" дүкені | Бұқар-Жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 88 үй |
9. | Орталық кітапхана жүйесі | Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Бөкейхан көшесі, 41 үй |
