"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында, қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 153 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-132 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымында "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Ұзынкөл ауданының селолық округтер, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері шақыру комиссиясының отырысына әскерге шақырылушылардың келуін қамтамасыз етсін";
жоғары көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл ауданы әкiмiнің | |
міндетін атқарушы | Н. Болатов |
КЕЛIСIЛДI: | |
"Қазақстан Республикасы | |
ішкі істер Министірлігі | |
Қостанай облысының ішкі | |
істер Департаменті | |
Ұзынкөл ауданының ішкі | |
істер бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | |
______________ А. Елисеев | |
2010 жылғы 17 қыркүйекте | |
"Ұзынкөл ауданының Қорғаныс | |
iстерi жөнiндегi бөлiмі" | |
мемлекеттiк мекемесiнің | |
бастығы | |
_____________ О. Уразалиев | |
2010 жылғы 17 қыркүйекте | |
"Ұзынкөл аудандық орталық | |
ауруханасы" мемлекеттiк | |
коммуналдық қазыналық | |
кәсiпорнының бас дәрiгері | |
______________ Қ. Ержанов | |
2010 жылғы 17 қыркүйекте |
Ұзынкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 17 қыркүйекте № 298 қаулысымен бекiтiлген |
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Уразалиев Омарғали Орымбайұлы | "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм" мемлекеттiк мекемесi, бастық, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Абиджанов Азамат Нағашыбайұлы | "Ұзынкөл ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi, жалпы бөлiм бастығы, комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелерi: | |
Нұрмағамбетов Қанат Абрайұлы | "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастықтың орынбасары (келісім бойынша) |
Чиканаев Құдайберген Шаймерденұлы | "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны, хирург (келісім бойынша) |
Каплун Наталья Дмитриевна | "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны, жасөспірімдер кабинетінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |