Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар бекітілсін:
1) 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын кәсіпорындардың қоса беріліп отырған тізбесі;
2) аудандық бюджеттің қаражат есебінен ең төмен жалақының бір жарым мөлшерiнде қоғамдық жұмыстарда істейтін азаматтардың еңбекақысы.
2. Жұмыссыздарды уақытша, сондай-ақ толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру үшiн қоғамдық жұмыстар пайдалансын.
3. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің және тізбеде бекітілген ұйымдарының арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған келісім-шартта көрсетілген талаптарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруы өткізілсін.
4. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттiк мекемесi мыналарды жасасын:
1) қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен үлгілік шарттарды жасасу;
2) қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде осы қаулыны басшылыққа алу.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Бекеновке жүктелсін.
6. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушысы | Н. Әбдірахманов |
Әкімдіктің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 29 қаулысымен бекітілді |
2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын кәсіпорындардың тізбесі
Кәсіпорын атауы | Жұмыстар түрлері | Жұмыстар көлемі |
Қарасу ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылықты жүргізу құқығымен "Алға" мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны | 1. Белорус ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Саябақ аймағын құрғап қалған бұтақтардан, жапырақтардан және қоқыстан тазалауда көмектесу. Саябақта және әкімшілік ғимараттардың жанындағы арам шөптерді шабу, ағаштарды ақтау мен культивациялау. Аулаларды қоқыстар мен жапырақтардан тазалау. Әкімшілік ғимараттарға кіріс жолдары мен жол жиектерін құрғап қалған шөптен және қоқыстан тазарту, арам шөптерді шабу. Аманкелді ауылының көшелерін, саябақ аймағын құрғап қалған шөптен тазарту және арам шөптерді шабу. Ағаштарды отырғызу. 2) Дуалдарды, аспаларды ақтауда жәрдемдесу. | 700 арам шөпті және ағашты баулау 100 ағаш 200 шаршы метр 4 арка |
2. Восток ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Восток ауылдың және обьектілердің аумағын тазалауда көмектесу: әкім аппараты, стадион. Жол жиектерін қоқыстан тазарту, қураған талдарды және құрайды тамырымен жұлу, автомобиль көлігіне қоқысты қолмен тиеу. Бағандар мен дуалдарды қолмен ақтау. Коминтерна, Садовая, Новая, Октябрь, Советская, Северная, Степная, Пионерская, Гагарин көшелері бойындағы шөпті жұлу. Әкім аппаратының аумағында гүлзарларды жасау және гүлдерді отырғызу. Саябақта және көшелер бойында ағаштарды отырғызу. 2) Восток ауылындағы қоршауларды орнатуда көмектесу. Қабырғаларды қолмен ақтау, едендерді сырлау. | 12 тонна 3 гүл бағы 1500 ағаш пен гүл 1000 ағаш | |
3. Жалғысқан ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: Юбилейная, Комсомольская, Павлов, Школьная, Новосельская, Новая, Гагарин, Рабочая, Молодежная көшелерін, әкім аппаратының, мектептің, фельдшерлік-акушерлік пунктінің, кітапхананың аумағын тазалауда көмектесу (мектеп аумағындағы қоқысты жинау, құрайды тамырымен жұлу, талдарды кесу, ағаштарды кесу мен ақтау, фельдшерлік-акушерлік пунктінің және әкім аппаратының аумағында гүлдерді отырғызу). Зират аумағын тазалау. Қоршауды ақтау. Қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. | 50 ағаш 4 гүл бағы 60 шаршы метр 8 тонна | |
4. Жамбыл ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Әкім аппаратының аумағын қоқыстан қолмен тазалауда, гүлзарларды отырғызуда жәрдемдесу. Школьный тұйық көшесінің аумағын тазалау. Әкім аппаратының аумағына ағаштарды отырғызу. Талдарды, арам өсімдіктерді тамырымен жұлу. Қоқысты тиеу. Стадионды қоқыстан жинау. Дуалды сырлау. 2) Школьный тұйық көшесінің аумағындағы қоршауды ақтау. Жамбыл негізгі мектебінің терезелерін сырлау мен ақтау. | 55 ағаш 84020 шаршы метр 1600 құма метр 50 терезе | |
5. Ильичев ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Әкімшілік ғимараттардың аумақтарын тазалауда, қоқысты жинауда, шөпті шабуда, қурайды тамырымен жұлуда, ағаштарды кесуде, ағаштарды ақтауда, ағаштар мен талдарды отырғызуда, гүлдерді отырғызуда, гүл бақтарды отырғызу, қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. қоқысты машинаға тиеу мен шығару. Гүлдерді сумен суару. 2) Көшелер бойынша және кіре берістегі аспаны сырлау. Ленинградская және Целинная көшесі бойындағы қоршауларды және шарбақтарды қолмен сырлау. | 40 ағаш 50 тал 10 гүл бағы 1 тонна 112500 шаршы метр 5 арка 5090 шаршы метр | |
6. Қарамырза ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарларды отырғызу, Қарамырза, Кошевое ауылдарының аумағында гүлдерді отырғызу, қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. Қарамырза ауылы өзенінің жағалауын санитарлық тазалау, жусанды шабу, арам өсімдіктен тазарту. қоқысты қолмен тиеу мен шығару тонна. Қарамырза ауылы өзенінің жағалауын - 3 шақырым санитарлық тазалау, жусанды шабу, арам өсімдіктен тазарту. Қарамырза, Кошевой ауылдарын тазалау, шөптерді шабу, қурайды тамырымен жұлу. 2) Зират айналасын қоршалауда көмектесу: стадион айналасындағы қоршауларды сырлау, Центральная, Мельничонок, Набережная, Гайдар, Комсомольская көшелер бойындағы бағандарды ақтау. | 300 ағаш 20 гүл 15 тонна 2620 шаршы метр 3360 шаршы метр | |
7. Қарасу ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Әкімшілік ғимаратының, стадионның, саябақтың аумақтарын, жолдарды, тротуарларды қардан тазалау, құрғап қалған желектерді жинау, қоқысты жинау, тию, шығару. Жерді, қара топырақты, қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. Жеңіс саябақта және көшелер бойында газондарға арналған учаскелерді қазу, гүлдерді отырғызу. Ағаштарды, көшеттерді қолмен ақтау. Қарасу ауылының көшелерін тазалау. Комсомол, Исақов, Новая көшелері, Школьный, Детский тұйық көшесі бойындағы жол жиектемелерін ақтау мен сырлау. 2) Көшелер мен тұйық көшелер айналасын қолмен тазалау. Гүлдер мен ағаштарды суару, арам шөптерін жұлу. Жол жиектемелер мен темірбетонды бағандарды ақтау, сырлау. Қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. | 2 тонна 2000 ағаш 2000 ағаш пен гүл 5 тонна 3717500 шаршы метр | |
8. Қойбағар ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Әкім аппараты, Станция орта мектебі, дәрігерлік амбулаториясы әкімшілік ғимараттарына жататын аумағын қоқыстан, құраған жапырақтан тазалау, қоқысты тию шығару,тазалауда көмек. Ағаштарды отырғызу. Гүл бақтарды және гүлдерді отырғызу, гүлдерге тұрақты күту. Центральная, 1-Западная, Ковыльная, Элеваторная, Клубная көшелері бойындағы ағаштарды ақтау және кесу, құрғап қалған желектерді жинау, құрайды қыршып қопару. Зират аймағын жинастыру. 2) Қабырғалар мен төбелерді ақтау, терезелерді сырлау мен сылақтау, еденді сырлау. Үйлердің сыртынан ақтауында көмек. | 50 ағаш 2 гүл бағы 5326 шаршы метр 9 есік 300 шаршы метр | |
9. Люблин ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Ауылдың және әкімшілік ғимараттардың аумақтарын санитарлық тазалауда тұрақты көмектесу (ағаштардың, талдардың бұтақтарын кесу, ағаштарды, қоршауларды ақтау). Әкімшілік ғимаратының жанында ағаштарды мен талдарды отырғызу. Люблин ауылы, Заречен ауылы, Корнилов ауылы, Носов ауылы, Симферополь ауылы зират аумақтарын тазалау, қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. Су құбырын тазалау. ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішін жөндеуден өткізу, тазалау. Калинина көшесі маңайындағы бұрын мәдениет үйі болған оған жататын аймақты тазалау. Октябрь көшесіндегі бұрын болған моншаның аймағын тазалау. Ауылды қоқыстан және арам шөптерден тазалау. | 100 тал 95 тонна 1329968 шаршы метр 4250 шаршы метр | |
10. Новопавлов ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Аллеяның, мектептің, балалар-бақшаның, клубтің аумақтарындағы ағаштарды кесу. Әкімшілік ғимараттардың шегіндегі аумақтарды тазалау, шөптерді шабу. Кіре берістегі және көшелер бойындағы электрбағандарды сырлау. Горький көшесі бойындағы қоршаулар мен шарбақтарды қолмен ақтау. Горький, Садовая, Строительная, Зеленая көшелерінің жолдарын қолмен қардан тазалау. Зират маңайын тазалаудан өткізу. Қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. Әкімшілік ғимаратының және жолдардағы талдарды шабу, ауыл көшелерінің арам шөптерін шабу, қоқысты жинау, шығару қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. Саябақты құраған жапырақтардан және қоқыстан тазалау. 2) Үйдің сыртын ақтауға көмектесу. Стадионды және оған тиісті аймағын абаттандыру. | 135 ағаш 230 құма метр 2700 метр 12 тонна 40 тонн 3 арам шөп 215 шаршы метр 204 шаршы метр | |
11. Новоселов ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Аймақты тазалаудан өткізу, талдарды мен арам шөптерден тазарту. Бағаналарды ақтау, ағаштарды. Әкімшілік ғимаратының маңайында кірпіштен гүлзарды отырғызу, гүлдерді отырғызу және күнделікті гүлдерді суару. Жерді әкелу. 2) Ескірткішті ақтау. Қоқысты автомобиль көлігіне қолмен тиеу. | 100 баған 300 ағаш 1 тонна 2 дуал 2 тонна 210045 шаршы метр 249 шаршы метр | |
12. Павлов ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: Саябақ аймағының ағаштарын кесу, талдарды (қараған аллеясы) кесу. Мәдениет үйден Павлов орта мектебіне дейін талдарды отырғызу. Гүл бақтарды отырғызу. Қурайларды шабу және саябақ аймағын тазалау. саябақ аймағында ағаштардың діңдерін ақтау. Мәдениет үйден Павлов орта мектебіне дейін демалыс аймағын тазалау (қурайды шабу). Автомобиль көлігіне қоқысты қолмен тиеу. | 210 ағаш 300 тал 3 гүл бағы 110 ағаш 32500 шаршы метр | |
13. Черняев ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Ленин ауылының, саябақ аймағының, стадион, әкім аппараты, Школьный, Ленин, Целинный, Мир, Дорожная, Придорожный көшелерінің аумақтарын тазалауда көмектесу. Ленин орта мектебінің және әкім аппаратының аумағында гүлдерді отырғызу. Черняев ауылдық Мәдениет үйін сырлау. Терезелерді сырлау. Черняев ауылдық Мәдениет үйдегі қабырғаларын сылақтан тазарту. Ленин, Мир көшелері бойындағы бөгделерді ақтау. 2) Стеланы сырлауда жәрдемдесу. Автомобиль көлігіне қоқысты қолмен тиеу. | 250 тал 6000 құма метр құбарлар, батареялар 2000 құма метр 2500 құма метр 212700 шаршы метр 6000 құма метр 35 тонна | |
14. Айдарлы ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: Айдарлы ауылының аумағын және көшелерін қоқыстан және арам шөптен тазалауда көмектесу. Әкімшілік ғимараттардың жанындағы ағаштарды күту мен ақтау. Зират аумағын тазалау: екпелерді суару. Гүл бақтарды суару. Жер учаскесін өңдеуде көмек көрсету. Аулаға іргелес аумақты тазалыққа келтіруге көмек. Айдарлы ауылының саябақтарын және көшелерін арам өсімдіктен тазарту. Саябақ дуалын ақтау. Әлеуметтік объектілерге қысқы кезеңіне көмірді әкелу. Аулаға іргелес аумақтарды тәртіпке келтіруде азаматтарға көмек көрсету. Автомобиль көлігіне қоқысты қолмен тиеу. | 120 ағаш 150 екпе 35 тонна 2790720 шаршы метр | |
15. Железнодорожный ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Железнодорожный орта мектебінің, Мәдениет үйінің, Новоленинская, Воронежская, Московская көшелерінің аумағын тазалауда, жусанды шабуда, ағаштар мен талдарды ақтауда көмек көрсету. Аумақтарды тазалауда жәрдемдесу. 2) Әк ақтау, майлы сырлау. | 812000 шаршы метр | |
16. Октябрь ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: Ауыл аумағын тазалауда жәрдемдесу: қоқысты тиеу, көшелерді қурап қалған бұтақтардан, жапырақтардан және қоқыстан жинау. Ленин, Довгаль, Калинин, Баймағамбетов, Парковая, Октябрьская көшелері бойындағы, Горький көшесінің бөлігін әкімшілік ғимараттардың айналасындағы арам шөптерді шабу, ағаштарды әкпен ақтау, шөпті шабу, талдарды кесу. Көшелер бойындағы бағандарды әкпен ақтау және майлы сырлау, дуалдарды әкпен ақтау және сырлау. Мешіт аумағын қолмен тазалау, жол жиектеріндегі шөпті шабу. | 3500 тал 350 баған 895300 шаршы метр | |
17. Степной ауылы бойынша өткізілетін жұмыстар: Ауылдың орталық бөлігін тазалауда көмектесу. Дуалдарды ақтау, ағаштарды ақтау, бағандарды ақтау. Зират аумағын қоқыстан тазарту. | 250 дуал 100 ағаш 200 баған 153000 шаршы метр | |
18. Теректі ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: Теректі ауылының көшелерін тазалауда жәрдемдесу, орталық саябақ аумағындағы ағаштарды культивациялау, спорт алаңшаны арам өсімдіктен тазалау, ескерткішті жөндеу мен сырлау. | 260304 шаршы метр | |
19. Ушаков ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: Ушаков, Заря, Панфилов ауылдарын санитарлық тазалауда көмектесу (шөпті шабу, арам өсімдіктерден тазалау, қоқысты тиеу). Гүлдерді отырғызу мен суару. Ескерткіштің айналасындағы ағаштарды отырғызу мен суару. Автомобиль көлігіне қоқысты қолмен тиеу. | 20 ағаш 25 тонна 242495 шаршы метр | |
20. Целинный ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: Целинный ауылының орталық көше, сауда орындары, Ленин, Мир көшелері бойындағы арам өсімдіктерден тазалау, арамшөпті, жусанды, шөпті шабу. Целинный ауылы Ленин, Мир көшелері бойындағы дуалдарды әкпен ақтау, майлы сырлау. Саябақты арам өсімдіктерден тазалау, талдарды қию, ағаштарды күту және ақтау, ағаштарды отырғызу. | 150 тал 600 ағаш 5556 шаршы метр | |
21. Шолақашы ауылдық округі бойынша өткізілетін жұмыстар: 1) Шолақашы ауылының орталық көшелерін, сауда орталығын, темір жол өткелінен Восточная көш. дейін дейін, темір жол вокзалынан сауда орталыққа дейін, Ленингардская орталық көшесін арамшөптерден санитарлық тазалау, жусанды, шөпті шабу, ағаштарды отырғызу, ағаштарды кесу. 2) Әкім аппаратының аумағындағы темір дуалдарды сырлау, автобус аялдамасының қабырғаларын, төбелерін әкпен ақтау. | 20 ағаш 20 ағаш 2 аялдама 250000 шаршы метр |