Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына және 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбек рыногындағы жағдай мен бюджеттік қаражатына қарай, Қобда ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары бойынша жұмыста шектеу қойылатын тұлғалар;
2) 50 жастан асқан әйелдер;
3) 55 жастан асқан ерлер;
4) 25 жасқа дейінгі жастар;
5) ұзақ уақыт бойы жұмыс жасамаған тұлғалар (бір жылдан астам);
6) жанұясында бір де бір адам жұмыс жасамайтын тұлғалар;
7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
| Аудан әкімі | Л. Исмағамбетова |
