Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2010.04.15 N 20-3 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 26 ақпандағы "Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Қағидасын бекіту туралы" N 31-2 (нормативтік құқықтық кесімді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-10-30), (17.03.2007 жыл, Қайнар газеті) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін.
Осы шешіммен бекітілген Қағидадағы "міндетті" деген сөздер "қажет" деп өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сырым аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы | М.Қазмағамбетов |
| Сырым аудандық мәслихатының хатшысы | А.Галимов |
