Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | П. Куметов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бердибеков |
| Шардара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы N 16-115-ІV шешіміне қосымша |
Бірынғай тіркелген салықтың базалық
ставкаларының мөлшері
| N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
| 1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
| 2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
| 3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
| 4 | Ойын жолы | 5 |
| 5 | Карт | 2 |
| 6 | Бильярд үстелі | 3 |
