Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы және оның ерекшелік белгiлерiнiң ресми пайдаланылу тәртiбi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2736 Жарлығы.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы мен төсбелгісі мемлекеттiң ең жоғары лауазымды адамының ресми айырым белгiлерi болып табылады деп белгiленсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Президентi байрағының сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Былай деп белгiленсiн:

      1) Қазақстан Республикасы Президентi байрағының эталоны орналасатын жер Қазақстан Республикасының астанасындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясындағы қызмет кабинетi болып табылады;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң байрағы Қазақстан Республикасының астанасындағы Мемлекет басшысы тұратын Резиденцияда, оларда Қазақстан Республикасының Президентi болған уақытта басқа резиденциялар үстiнде, Республика Президентiнiң көлiк құралдарында орнатылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң төсбелгісі мемлекеттiк мекемелер құрметiне, әскери парадтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми адамдарын қабылдау, Қазақстан Республикасының Президентi атынан өткiзiлетiн ресми қабылдаулар, Құрылтай сессиясын ашу, мемлекеттiк наградаларды тапсыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi салтанатты кеште немесе концертте құрметтi қонақ болған не қатысқан, ресми телевизиялық сұхбат берген кезде, шетелдiк сапарлар уақытында қабылдаушы тараптың хаттамасына сәйкес тағылуы мүмкiн деп белгiленсiн.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 01.07.2026 № 1337 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2736 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті байрағының
СИПАТТАМАСЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.10.31 № 414 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республиткасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген.

      Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.

      Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі сретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген.

      Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады