2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 1294 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 1294 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 20-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацында:

      "92-бабында" деген сөздер "92 және 95-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "өнеркәсіп" деген сөзден кейін "және агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Одақтың кезекті қаржы жылына арналған бюджетінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруына қаржылай жәрдем көрсетуге көзделетін қаражат көлемі Одақ бюджеті бекітілетін жылдың алдындағы қаржы жылында мүше мемлекеттердің бюджеттеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін түсімдердің жалпы сомасының пайыздық арақатынасымен айқындалады. Көрсетілген пайыздық арақатынастың мөлшерін және мүше мемлекеттердің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсету нысанын, сондай-ақ қаржылай жәрдем көрсету тетігін қолдану мерзімдерін Жоғары кеңес айқындайды.

      Қаржылай жәрдемдесу тетігінің қолданылуы тоқтатылған жағдайда мүше мемлекеттер мен Комиссия оның қолданылуы шеңберінде қабылданған Комиссия Кеңесінің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында бірлескен кооперациялық жобалар іске асырылатын бүкіл мерзім ішінде осындай жобаларды іске асыруға қаржылай жәрдем көрсету туралы шешімдерінің негізінде туындаған қаржылық міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      Бұл міндеттеме қаржылай жәрдемдесу тетігінің қолданылуы тоқтатылғанына қарамастан, ол толық орындалғанға дейін күшінде болады.";

      2) 92-баптың 9-тармағының 1) тармақшасындағы "осы Шартқа № 27 қосымшаға" деген сөздер "осы Шарттың 20-бабына және Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың 3-тармағына (осы Шартқа № 27 қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 95-бап мынадай мазмүндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде мүше мемлекеттер өзгелерімен қатар бірлескен кооперациялық жобаларды, оның ішінде мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешендегі шаруашылық жүргізуші субъектілерін технологиялық дамытуға және олардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жобаларды іске асыра алады.

      Комиссия Кеңесі мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде Одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылай жәрдем көрсету туралы шешім қабылдай алады.

      Агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеудің және оларды мүше мемлекеттердің іске асыруының, сондай-ақ Одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылай жәрдем көрсетудің тәртібі Үкіметаралық кеңес бекітетін ережеге сәйкес айқындалады.";

      4) Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 27 қосымша) 3-тармағының екінші, үшінші, бесінші - сегізінші абзацтарының күші жойылды деп танылсын.

2-бап

      Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      202___ жылғы ____________________ _______________________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Қырғызстан Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады